Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасының тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан күнделікті қызметіне жақын арада оралуын тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.


Соңғы жаңалықтар