+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Соңғы онжылдықта түсірілген үздік фильмдер тізіміне «Қазақфильмнің» туындысы енді

2020 жылғы 23 қаңтар 00:41
Бөлісіңіз:
Соңғы онжылдықта түсірілген үздік фильмдер тізіміне «Қазақфильмнің» туындысы енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беделді Variety басылымында жарияланған соңғы онжылдықта түсірілген үздік фильмдер тізіміне «Қазақфильм» киностудиясы қатысуымен түсірілген «Жүгері аралы» фильмі кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық киностудия сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласы туралы жаңа фильм шықты Қарағанды облысында «Қазақфильм» күндері өтеді Әбу-Дабиде «Құнанбай» фильмі көрсетіледі

«2014 жылы Қазақстан, Грузия, Германия, Франция және Чехия елдерімен бірлесіп түсірген режиссер Георгий Овашвилидің «Жүгері аралы» көркем фильмі әлемге әйгілі Variety киножурналында соңғы онжылдықта АҚШ-та прокатқа шықпаған шетелдің үздік фильмдердің тізіміне кірді. Қазақстан тарапынан бұл фильмге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қолдау білдірген, ал фильмнің бастамашыл продюсері - Сайын Ғабдуллин», делінген хабарламада.

Басылымда жарық көрген «Көрсетілмеген інжу» мақаласының авторы Variety журналының бас киносыншысы Питер Дебрюг. Айта кетсек, беделді салалық басылымда жарияланатын аналитикалық мақалалар прокатпен айналысатын мамандарға және фестивальдер өкілдеріне үлкен экрандарға шығуға лайықты картиналарды іріктеуге көмектеседі.

«Осы күнге дейін америкалық көрермендер бұл фильмдерді көре алмағандарына қатты өкінемін. Осы туындыларды тауып, міндетті түрде көруге кеңес беремін!», - деп жазады киносыншы.

Аталған картина немересімен бірге жүгері өсіру үшін өзен жағасында орналасқан аралға арнайы көшіп келген қария шаруаның өмірін баяндайды.

Бұл туыстық және рухани қатынастардың адамгершілікке толы және әсерлі оқиғасы. Фильмде тіршіліктің қамы үшін еңбек етіп жүрген қарапайым адамдардың өмірі суреттеледі. Шаруаның рөлін түрік актері Ілияс Салман, ал оның немересін – осетиялық жас актриса Мариям Бутуришвили сомдады.

«Өзінің осы тамаша жұмысы арқылы бес бірдей елдің беделін арттырған режиссердің ерекше таланты туралы айтқым келеді. Мен Георгий Овашвилимен 2004 жылы Мароккода таныстым, кейін оның «Басқа жағалауы» атты алғашқы толықметражды фильмінде продюсер болдым. Бұл туынды Берлин кинофестивалінің бағдарламасына ілініп, 2009 жылы Еуропралық киноакадемияның номинациясына ұсынылған болатын. Уақыт өте осы «Жүгері аралы» фильміне кірістік», - деді продюсер Сайын Ғабдуллин.

Айта кетсек, фильмнің тұсаукесері 2014 жылы Халықаралық Карловы Вары кинофестивалі аясында өтті. Бұл байқауда кинотуынды бас жүлдеге және экуменикалық қазылар алқасының марапатына ие болды.

Сол жылы «Жүгері аралы» фильмі Грузия елінен «Шетелдің үздік фильмі» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылып, тіпті тоғыз үміткерден тұратын шорт-парақшасына кірді.

Ресейдің Анапа қаласында өткен «КИНОШОК» фестивалінде де Овашвилидің фильмі бас жүлдеге және «Үздік операторлық жұмыс» сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, бұл туынды Минскіде өткен «Листопад» кинофестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесімен марапатталды.

«Жүгері аралы» фильмі әлемге мәшһүр Канн, Бусан және Сан-Себастьян сынды халықаралық беделді кинофестивальдерді қоса санағанда 70-ке жуық кинобайқауларға қатысты. Жалпы алғанда бұл фильм 32 жүлдеге ие болды, оларлың кейбіреулерін атап кеткен жөн:

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі», Film from the south/«Оңтүстіктің фильмдері» фестивалінің негізгі бағдарламасына қатысқан (Осло, Норвегия);

«Киносыншылар марапаты» - Mostra de cinema/«Киношоу» халықаралық кинофестивалінің құрметті жүлдесі, «Жаңа режиссерлердің жарысы» категориясында (Сан-Паулу, Бразилия);

«Көрермендер көзайымы жүлдесі (Үздік фильм)», сондай-ақ «Халықаралық киносыншылардың жүлдесі», Athens panorama of European cinema/«Еуропалық кино панорамасы» фестивалі (Афина, Грекия);

«Үздік режиссер» және «Үздік актриса», San marino international film festival/«Халықаралық Сан-Маринодағы кинофестивальдік негізгі бағдарламасына қатысқан (Сан-Марино);

«Үздік фильм», «Үздік музыка», «Сыншылардың марапаты» және Гран-при - «Золотая Антигона» жүлдесі, 36th International mediterranean film festival/«36-шы Халықаралық жерорталық фильмдер кинофестивалі» (Монпелье, Франция).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT