Соңғы екі ай бойы жалғасқан сайлау науқаны аяқталды - ОСК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы екі ай бойы жалғасқан сайлау науқаны аяқталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР ОСК-ның ашық отырысында 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулы қабылданды.

«Бүгін біз елімізде соңғы екі ай бойы жалғасқан сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау органдарымен 2019 жылғы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Президентінің Жарлығын орындау қамтамасыз етілді. Сайлаудың соңғы нәтижесі белгіленді, Қазақстан Президенті сайланды. Барлықтарыңызды осы мемлекеттік маңызы бар оқиғамен құттықтаймын!», - деді Берік Имашев.

Осы орайда, ол сайлауды ұйымдастыру шараларына қатысқандарға, халықаралық және ұлттық байқаушыларға, сондай-ақ белсенді азаматтық позициясы үшін сайлаушыларға алғысын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысын шығарды.

«Жамбыл Ахметбековке 167 649 дауыс берілді немесе ол сайлаушылардың 1,82 процент дауысын алды. Дания Еспаева 465 714 немесе барлық сайлаушылардың 5,05 процент дауысын алды. Әміржан Қосанов 1 495 401, яғни барлық сайлаушылардың 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280 451 немесе сайлаушылардың 3,04 процентін жинады. Сонда-ақ Амангелді Таспиховқа 182 898 дауыс берілді, бұл дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,98 проценті, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 539 715 дауыс немесе сайлаушылардың 70,96 проценті дауыс берді. Сәді-Бек Түгел 84 542 немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын алды.

Соңғы жаңалықтар