20:59, 14 Сәуір 2021 | GMT +6
Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Сомалиде 17 адам мінген автобус жолға қойылған минағы ұрынып, жарылған. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың бәрі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Goobjoog News порталына сілтеме жасап.
Жарылыс ел астанасы Могадишодан солтүстікке қарай 30 км жерде Гололей ауылының маңында болды. Билік тергеуді бастады. Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.