+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Солтүстіктегі 300 ауыл жаңарады

2021 жылғы 3 шілде 17:23
Бөлісіңіз:
Солтүстіктегі 300 ауыл жаңарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 115 ауылын жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының үш елді мекені Қазақстанның «30 үздік ауылы» қатарына енді «Ауыл - ел бесігі»: Алғашқы нәтижелер, алдағы жоспарлар мен міндеттер Үкімет басшысы «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов алдағы бес жылда өңір ауылдарын дамытуға қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді.

«Өткен жылмен салыстырғанда облыс қазынасы 25%-ға, яғни 323 млрд теңгеден 406 млрд теңгеге дейін өсті. Жалпы 5 жыл ішінде біздің өңір 500 млрд теңге көлемінде елеулі мөлшерде қолдауға ие болады. Ол ақша түрлі салаларға жұмсалады. Бірақ мақсат жалғыз – солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасына қатысты. Өңірдің 300 ауылын жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз», - деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биылдың өзінде 100-ден астам ауылда медициналық нысандар мен жолдар, инженерлік инфрақұрылым жөндеуден өтпек.

«Биыл 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ауылдарда мектептер, балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, кентішілік жолдар мен сумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді», - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT