Солтүстікқазақстандықтарға мінсіз қызметі үшін медалі тапсырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін күн бұлттанып, жаңбыр жауып тұр. Соған қарамастан Петропавлдағы орталық алаңда жүздеген қала тұрғындары жиналды. Бүгін мұнда Отан қорғаушы күніне арналған негізгі іс-шаралар өтіп жатыр.

nullШара Қарасай мен Ағыбай батырдың ескерткіштеріне және Петропавл гарнизонының  құрылымына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан солтүстікқазақстандықтарды оның орынбасары Антон Федяев құттықтады. Ол 7 мамырдың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күші мен айбынының көрінісі екендігін және Отан қорғаушылардың бірнеше ұрпақтарының әскери дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейтінін атап өтті.

null«Егеменді Қазақстан Республикасын қорғау - құрметті және жауапты міндет. Әскери қызметшілердің ерлігі, айбыны мен кәсібилігінің арқасында Отанымыз бен азаматтарымыз ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатыр», - деді А.Федяев.

nullОблыс әкімінің қолы қойылған құрмет грамотасына бес солтүстікқазақстандық ие болды. Сондай-ақ, үш адам алғыс хатпен марапатталса, А.Федяев 1 және 2 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін екі әскери қызметшіге табыс етті.

Петропавлда бүгін күні бойы мерекелік концерттер, жастар бағдарламалары өтеді. Облыстық патриоттық әндер байқауы мен қазақ күресінен біріншілік жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар