Солтүстікқазақстандықтарды Арктиканың қоқысын тазалауға шақырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - РФ Ямал-Ненец автономиялық округінің делегациясы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде экология мен табиғат пайдалану, мәдениет және жастар саясаты салаларында ынтымақтастықтың болашаңы мен өзара әрекеттестік талқыланды.

«Солтүстік Қазақстан мен Ямал-Ненец өңірлерінің арасында ұқсастық көп. Сіздер сияқты біз де солтүстік аймақта тұрамыз. Екі тарап арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі беки түсеріне сенімдімін», - дейді Ямал-Ненец автономиялық округінің халықаралық сыртқы байланыс департаменті директорының бірінші орынбасары Сергей Урамаев.

Экологиялық экспедиция 15 күнге жалғасады. Үміткерлер экология және биология мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерден іріктеліп алынады. Олар экспедицияның құрамында Карск теңізінің жағалауында орналасқан, бүгінде адам тұрмайтын Вилькицк аралының таңғажайып тыныс-тіршілігімен танысатын болады. Кезінде мұнда ірі өндіріс орындары болған. Осында металл қалдықтарын жинап, экологиялық тазалыққа үлес қосу - экспедицияның басты мақсаты.

«Арктика еріктілері» жобасының жетекшісі Евгений Рожковскийдың сөзіне қарағанда, 5 жыл бойы Белое аралы қоқыстан тазартылыпты.

Осылайша аралдың экологиялық паспорты барлық талаптарға сәйкестендіріліпті. Ендігі кезек- Вилькицк аралы. Онда тек тікұшақ қана қатынайтын көрінеді. Ұйымдастырушылар экспедиция мүшелерін жатын орынмен, азық түлікпен қамтамасыз етеді. Жылдың орташа ауа температурасы 10 градус суықтықтан аспайды. Экологиялық экспедиция шілде айында басталады.

Осыдан 5 жыл бұрын басталған экологиялық қозғалысқа Ресей, Австрия, Болгария, Украина, Қытай және Куба елдерінен 160-тан астам өкіл қатысқан. Еріктілер Арктиканың солтүстік бөлігін ауыр металл қалдықтарынан тазартқан.


Фото: pixdaus.com

Соңғы жаңалықтар