Солтүстiк Қазақстанда реновация арқылы баспана қоры жаңартылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысында реновация арқылы баспана қоры жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармаларының кеңейтiлген алқа отырысында айтты.

Петропавлдың аумағы өзгертiлмейдi. Көп қабатты үйлер қаланың iшiнде салынады.

«Бiз қаланы созатын болсақ, көлiкпен қамтамасыз ету мәселесiне жолығамыз. Бiзде 15 мың жеке үй бар. Оның көбi ескiрген. Реновация бағдарламасы арқылы осы проблеманы шешуге болады», — дедi Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар