Солтүстік Қазақстанда Qazaqtany мектебі ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы достық мектебінде Qazaqtany мектебі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық келісім» ҚММ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Qazaqtany жобасы қазақ халқының тарихы, философиясы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен  мәдениетін дәріптеуге бағытталған. Мектеп этномәдени орталық өкілдері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшылары үшін ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш мектеп «Асыл мұра»,  Qazaq time, «Халық мұрасы», «Ас дәмді болсын!» және «Ұлттық ойындармен танысайық!» атты бес бөлімнен тұрады.

«Жобаның ерекшелігі - дәстүрді, тарихты, тілді таныстыру ғана емес, сонымен қатар интерактивті сабақтар өткізу негізінде қазақ халқының мәдениетін бойына сіңіру. Достық үйі базасында арнайы жағдай жасалған. Киіз үй стилінде кабинет жасақталып, шеберлік сыныптары үшін түрлі материалдар әзірленді», - деді баспасөз қызметінен.

Qazaqtany мектебіндегі сабақтар апта сайын, әр жұмада жүргізілмек. 

Соңғы жаңалықтар