Солтүстік Қазақстанда мыңнан астам саяжайды су басты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы Долматово ауылында Есіл өзенінде судың деңгейі көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 1237 саяжай аумағын су басқан. Онда 619 саяжай құрылымы бар. Ол жерлерде адамдар тұрмайды. Облыста елді мекендерде су астында қалған тұрғын үйлер тіркелмеген.

Өзен суының арнасынан асуы салдарынан 25 сәуірден бастап Петропавлға жақын маңдағы «Челябі-Новосібір» республикалық тасжолының учаскесі жеңіл көліктер үшін жабық тұр. Осы жол арқылы Заречный кентінің қиылысында да су тасқыны байқалған. Мұнда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған. Полицейлер мен жол ұйымдарының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.

Қазгидромет бөлімшесінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Петропавл мен Долматово ауылында Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілген. Облыс орталығында судың деңгейі 1050 сантиметрге жету қаупі бар. 


Фото: yarreg.ru

Соңғы жаңалықтар