Солтүстік Қазақстанда егін орағы кезінде жасалған 32 ұрлық ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті 52 күнге созылған «Астық 2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астық 2020» операциясы 20 тамыз бен 10 қазан аралығында өтті. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патруль полицейлері, кинологтардан тұратын мобильді топ жұмыс істеді.

Ұрлықтың алдын алумен қатар тәртіп сақшылары шаруалар мен астық науқанына тартылғандарға барынша көмек көрсетуге тырысты.

СҚО полиця департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, мобильді топтың қызметкерлері даладағы жолдарды, түнде жарықсыз жүрген техниканы тексерді.

«Астық 2020» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өңірде 35 қылмыс тіркелді. Оның 21-і - астық ұрлау, жетеуі - жанар-жағармай ұрлау, 4 факті ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін және 3 дерек гербицид ұрлауға қатысты.

35 қылмыстың 32-сі «ізі суымай» ашылған. Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың өз жұмысшылары жасаған.


Соңғы жаңалықтар