Солтүстік Қазақстанда анасы ұрған 3 жасар қыз қайтыс болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп ұрған 3 жасар қыз қайтыс болып, полицейлер қылмыстық істің бабын қайта ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда 3 жасар қыз алған дене жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды. 17 қаңтар түскен сәбидің өміріне дәрігерлер араша түскенімен, аман алып қала алмады.

Кәмелетке толмағанның денсаулығына аса ауыр зиян келтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 2 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сәбидің қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3 бөлігіне өзгертілді. Бұл бойынша 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осы қылмысты жасаған қыздың анасы, 1998 жылы туған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Мамандардың айтуынша, қылмыстық істің аясында тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Қылмыстық істің тергеу барысын СҚО ПД бастығы, СҚО прокуроры бақылауға алды.


Соңғы жаңалықтар