Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар арасында коронавирустың таралуына байланысты бір мектеп және 46 сынып қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді. Осыдан бірер апта бұрын инфекцияны жұқтырғандар саны бірден 40 %-ға артса, өткен аптада 3,7 %-ға көбейіп, 242-ден 251-ге жеткен. Олардың 58 %-ында ауру белгілері болды.

«Оқушылар арасында коронавирустың таралуына байланысты қазір өңірдегі 46 сынып және 1 мектеп қашықтан сабақ беруге көшті. Жалпы төртінші тоқсан басталғалы 72 оқушыда КВИ анықталды. Олардың 64-і штаттық режимде оқыған. Сыныпта бір оқушы ауырса барлық сынып қашықтан оқуға көшеді. 2-3 сыныпта қатар ауырса, мектеп карантинге жабылады», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Қыркүйек айынан бері облыста 740 оқушыда коронавирус анықталды. Балалардың 284-і инфекцияны мектептен тыс жұқтырған.

Жалпы облыс бойынша КВИ-ді жұқтырғандар саны 13 641-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар