Солтүстік Қазақстанда 10 жастағы бала сәбидің өмірін сақтап қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 10 жасар Имран Бағдат өз өмірін тәуекелге қойып, өлім аузында жатқан бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Имран ата-анасымен Көкшетау қаласында тұрады, жазғы каникулын СҚО Уалиханов ауданы Кішкенекөл ауылында атасы мен әжесінің ауылында өткізуде.

«Балалардың барлығы әдеттегідей құмда ойнап, бассейнде шомылып жүрген. Имран сол кезде екі жасар Айсұлтанның - көршінің ұлының аузы дұрыс жабылмайтын құдыққа мініп алғанын байқады. Үлкендерді көмекке шақыруға немесе ойлануға уақыт болмаған соң, әрбір секунд маңызды болған. Имран еш қорықпастан құдыққа жүгіріп келіп, баланы құшақтап алып, бауырына қысып, құдықтан түсірген, өзі жарақат алды», - деді баспасөз қызметінде.

Жас батыр аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдады. Оқиға орнында Айсұлтанның ата-анасы жұмыста болған. Имранның атасы - Бағдат Нәжімеденов - немересін азаматтық қорғаныс органдарына дайындауда.

16 жастағы Нұрислам Жұмабеков өз өмірін қатерге тігіп, ерлік жасады. Өкінішке орай оқиғаның соңы қайңылы аяқталды. Оқиға Ақжар ауданының Талшық ауылына жақын жерде болған. Ауылшаруашылық колледжінің студенті Шат өзенінде өзінің курстастарымен бірге шомылып жүріп, суға ағып бара жатқан курстасын құтқармақшы болғанда, өзі суға ағып кетеді. Солтүстік Қазақстанда жылдың басынан бері 11 адамның өмірін су жалмаған.

Соңғы жаңалықтар