Солтүстік Қазақстан тұрғындарының шығындары өсіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Былтыр бір адамның ай сайынғы шығыны 47 мың теңгеден асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистика департаментінің дерегі бойынша, шығындар 14% өскен. Шығынды көп талап ететін тауарларға азық-түлік, кейін басқа да тауарлар және қызмет төлемдері жатады.

Азық-түлік саласындағы шығындар бойынша бірінші орында ет, нан және жарма тұр. Азық-түлік емес тауарлар тобында киім мен аяқ-киім (32,7%) көш бастап тұр. Ал, қала тұрғындарының мұндай шығындары жоғары.

«Үй шаруашылығындағы шығындарда тұрғын үй-коммуналдық төлемдерін төлеуге ақшаның 35% жұмсалады. Ал, көлік пен байланысқа - 33%, білімге - 7,8% кетеді. Мәдени іс-шаралар мен бос уақытты ұйымдастыру шығындарына ақшаның небәрі 3,3% жұмсалады», - деп мәлімет берді департаменттегілер.

Қала және ауыл тұрғындарының азық-түлік тауарларын сатып алу құрылымдары әртүрлі. Қала тұрғындары ет пен сүтке көп ақша жұмсайды.

Жалпы, ауыл тұрғындарының тұтыну шығындары қалалықтарға қарағанда төмен. 

Соңғы жаңалықтар