+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты

2021 жылғы 20 маусым 14:15
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз үйінде қаза тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді Түркияның алты провинциясында орман өртеніп жатыр ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 9-да Бөркі ауылында тіркелген. Төсек, еден, үй заттары өртенген. Өрт 15 минуттан кейін сөндірілді.

«Өрт орнында үй иесі, 57 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі – отты дұрыс қолданбау, темекі шегу», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері облыста өрттен 32 адам, оның ішінде екі бала қайтыс боллды.

«Талдау көрсеткендей, өлім себебі – тұрмыстағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуден туындайды. Көп жағдайда өрт құрбандары мас болған», – деп толықтырды баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT