Солтүстік Қазақстан облысында терминалдардан ақша ұрлаған адам ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер төлем терминалдарын қиратқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаскүнем түнде Сауылмакөл ауылындағы дүкенге келіп, ондағы төлем терминалдарын қиратқан. Барлығы үш терминалдағы 500 мың теңгеден астам ақшаны жымқырған. Дүкенге келген түнгі «қонақ» 30 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты. Ол ұсталып, қамауға алынды.

Терминалдың иесі Арман Рахиев қылмыстың ізін суытпай дереу ашқаны үшін полицияға алғыс айтты.

СҚО-ның ІІД бастығының атына жазылған хатта ол аудандық ІІБ басшысы Ғабдулиннің, полиция подполковнигі Серкешевтің, полиция майоры Жандосовтың, Әлібековтің, Исиннің, полиция капитаны Әбдрахмановтың, аға лейтенант Таласпаевтың еңбегін ескеруді сұраған. 

Соңғы жаңалықтар