Солтүстік Қазақстан облысында өз үйіне тақау жерде үсіп өлген азаматтың денесі табылды

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат -  Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Макашевка ауылында өз үйіне тақау жерде үсіп өлген ер адамның денесі табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, ағзасының суып кету белгісімен 64 жастағы азаматтың денесі дүйсенбі күні сағат 18:30-да табылған.

Сонымен қатар осы облыстың Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылындағы жеке тұрғын үйде пештегі ақаудан шыққан ыстан уланған 25 жастағы әйел  азамат  пен  2007 және 2009 жылдары дүниеге келген екі сәби ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар