Соғыс ардагерлерінің ерлігі есімізде мәңгі сақталады - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Ресейде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына орай өткен әскери парад туралы ойын бөлісті. Мемлекет басшысы бұл жайында Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей Президенті В.Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатыстым. Қызыл алаңнан жүріп өткен әскери топтардың арасында Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің қызметшілері де болды. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгерлерге құрмет ретінде Кремльдің іргесіндегі «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойдым. Олардың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады» деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды.

Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды .


Соңғы жаңалықтар