Смайылов балаларға ел ішінде экскурсиялық-танымдық іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов балалар үшін экскурсиялық-танымдық іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет министрлігіне ішкі туризмді дамыту аясында балалар үшін экскурсиялық-танымдық іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов балаларды үйірмелермен және секциялармен қамту мақсатында Білім, Мәдениет және спорт министрліктеріне, өңір әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру, спорт және шығармашылық тапсырыстар бойынша ақпараттық жүйелер интеграциясын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұл секциялар мен үйірмелердегі нақты жағдайды көруге, сондай-ақ олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, барлық өңір әкімдеріне Балалар жылына арналған іс-шаралардың орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында балалар қатысатын кез келген іс-шараны ұйымдастыру, ең алдымен, олардың қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиістігін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар