Словакияда жүрген Қазақстан футболшылары саяси науқаннан тыс қалмады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Словакияда кезекті кездесудің алдында ел Конституциясынаа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге арналған референдумға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Бүгінде қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасы кезекті ойынын өткізу үшін Словакияның Трнава қаласында жүр.

Олар ертең, 6 маусымда словакиялық футболшылармен сынға түседі.

Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен футболшылар референдумда таңдауын жасады.

Еске салсақ, аталған турнирдің алғашқы ойынында қазақстандықтар өз алаңында Әзербайжаннан басым түсті.

Ұлттық құрама С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Әзербайжан, Беларусь пен Словакия.


Соңғы жаңалықтар