СҚО жолдарында 18 бала зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында жыл басталғалы 18 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі - жергілікті полиция қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. Рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тәртіп сақшылары балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүргізушілерге, әсіресе қазіргі кезде жолдарда қырағылық таныту қажеттігі ескертіледі. Кейде балалар жүріп келе жатқан көліктің алдында кенеттен пайда болуы мүмкін.

Дәл осындай жағдайға «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі ұрынды. 7 маусымда оның алдынан жолда тұрған машинаның арт жағынан самокат мінген 3 сынып оқушысы шыға келген. Жүргізуші болған жағдайды дереу полицияға хабарлап, баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Сол жерден жеткіншек ата-анасының қолхатымен үйіне жіберілді.

«Мопедтерді, скутерлерді, электрсамокаттарды 16 жастан бастап, ал жол бойында велосипедпен 14 жастан бастап ғана жүруге болатындығын еске саламыз. Балаларын екі доңғалақты көліктермен қуантқысы келетін ата-аналар үшін осыны есте сақтаған жөн. Бұл көліктер тіркеуді қажет етпесе де, олардың жүргізушілері жол ережелерін білуге ​​және сақтауға міндетті», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

5 ай ішінде СҚО-да 17 жол-көлік оқиғасы болды, онда 18 жасөспірім зардап шекті. 11 жағдайда жаяу жүргіншілер, 5-еуінде жолаушылар, бір мопед мінген жасөспірім зардап шекті.


Соңғы жаңалықтар