+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

СҚО тұрғындарында 13 мыңнан астам тіркелген қару бар

2020 жылғы 6 желтоқсан 01:12
Бөлісіңіз:
СҚО тұрғындарында 13 мыңнан астам тіркелген қару бар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 13 598 қару тіркелген. Қару иелерін полицейлер үнемі тексеріп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаруы бар азаматтар учаскелік полиция инспекторларының үнемі бақылауында. Бұл қарулы қылмыстың алдын алу үшін жасалады. Қару-жарақты тіркеп қана қоймай, оны белгілі бір тәртіп бойынша сақтау керек.

«Қаруды белгіленген үлгідегі сейфте сақтау керек: қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм және еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілуі тиіс. Мұндай сейфте қару мен оның оқ-дәрілерінен басқа ақша, құнды заттар мен құжаттарды сақтауға болмайды. Облыс орталығының тұрғындары міндетті түрде сигнализация орнатулары тиіс. Жыл басынан азаматтық және қызметтік қаруды алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзған 544 адам анықталды. Сондай-ақ, 246 қаруды қайта тіркеу мерзімдерін бұзу фактілері болды. Әр қаруға рұқсат бес жыл сайын жаңартылуы керек. Бұл қызмет «электронды үкімет порталы» арқылы көрсетіледі. Біз барлық азаматтық қару иелерін осы процедураны бұзбас үшін уақытында орындауға шақырамыз», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Оның айтуынша, қару-жарақ сақтау ережелерін бұзу фактілері көбінесе рейд барысында анықталады. Жалпы, жыл басынан бері қару иелері 851 заң бұзушылыққа жол берген. Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар заңсыз сақталған 61 қаруды тәркіледі.

Бүгінде СҚО-да 13598 қару тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT