СҚО тұрғындары жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыра алмай әлек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы барлық автокөлік бірден бұзылып, тұрғындар жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО тұрғындары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істемей тұрғандығы жөнінде наразылықтарын әлеуметтік желіде білдірді. Олар В санаты (механика) үшін емтихан тапсыра алмай жүргендеріне шағымданды. Орталыққа хабарласқан тұрғындар қызметтің қашан көрсетілетіндігі жөнінде жауап ала алмаған.

Желі қолданушыларына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының PR-менеджері Анар Құсанова жауап берді. Маманның айтуынша, 23 маусым күні бірден үш автокөлік бұзылған. Ол көліктер В санатына емтихан тапсыру үшін қолданылады. Машиналардың біреуін бүгін, 24 маусым жөндеулері тиіс. Қалғандары да жақын арада іске қосылады.

Өңір тұрғындары мамыр айында ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына наразылықтарын білдірген еді. Ол кезде адамдар автодромның жұмыс істемеуінен көрші облыстарға барып емтихан тапсыруға мәжбүр болды.

Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 2014 жылы ашылған. 8 жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеп келген құрал-жабдықтартың тозығы жеткен. Ескірген жабдықтар көктемде ауыстырылды, автодромда демонтаж жұмыстары жүргізіліп, көліктердегі GPS датчиктер жаңаланды.


Соңғы жаңалықтар