СҚО тұрғындары бір күндік жалақыларын Арыс қорына аударып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдары Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Түркістан облысының Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге қаражат жинауды қолдады.

«Бұл күндері еліміз осындай төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен қандастарымыздың өмірі үшін алаңдауда. Біз кез келген көмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуді азаматтық борышымыз деп санаймыз», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Солтүстікқазақстандық полицейлер материалдық көмек көрсетуге бастамашылық етті. Полиция бөліністерінің бастықтары біркүндік жалақыларын аударады. Жеке құрам да Түркістан облысында зардап шеккендерге қол ұшын созуға дайын екендігін білдірді.

Бұл игі істен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы да шет қалмады. Олар да біркүндік еңбекақыларын зардап шеккендердің есепшотына аударды.

Соңғы жаңалықтар