СҚО тұрғындары бір күнде интернет-алаяқтарға 5 млн теңгелерін беріп қойған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Алаяқтар Солтүстік Қазақстан тұрғындарынан бір күнде 5 млн теңге алдап алған. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен сенбіде бірден 6 интернет-алаяқтық тіркелді. Екі жағдайда «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу» схемасы қолданылған. Бұл – алдаудың ең көп таралған әдістерінің бірі. Алаяқтар жәбірленушілерді шотындағы ақшаға қауіп төніп тұрғаны туралы жалған ақпарат айтып қорқытады. Бұдан кейін шот иесінен ЖСН, банк картасының нөмірі және CVV-коды, sms арқылы келетін бір реттік кіру паролі сияқты деректерді сұрайды», - деп жазады ҚР ІІМ сайты.

Алаяқтардың айтқанына сеніп, үлкен сомада несие алып, оны басқа шотқа аударатын аңқау тұрғындар да бар көрінеді.

«Біреудің атына несие алу да ең көп тараған алаяқтық схемаларының бірі. Дәл осындай алаяқтыққа тап болған Петропавл тұрғыны 2,5 миллион теңге шығын шекті. Тұрмыстық техника сатылатыны туралы хабарландыруда көрсетілген нөмірдің иесі алдын ала төлем жасау үшін бүкіл банк реквизиттерін айту қажет деген шарт қояды. Осылай ол жылдар бойы жинаған ақшасынан айырылып қалды. Облыс тұрғындарына өздерінің жеке және қаржылық мәліметтерін ешкімге сеніп тапсырмау, айтпау керектігін ескертеміз», – дейді СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.


Соңғы жаңалықтар