СҚО шаруалары форвардтық келісім бойынша 348,5 мың тонна дақыл өткізуге тиіс

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа астық есебінен биыл 18 млрд теңгеге қаржыландырылды, олар енді дәнді дақылды 9 аудандағы 19 элеваторға тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК СҚО өкілдігінің мәліметінше, биыл өңірде форвардтық сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 84 өтінім түскен.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен шаруашылықтар 18,06 млрд теңгеге қаржыландырылды. Енді олар 348 511 тоннаны қайтаруға тиіс.

Корпорация тек бидай ғана емес, сондай-ақ арпа, сұлы, зығыр, күнбағыс пен рапсты қабылдамақ.

Соның ішінде жұмсақ бидайдың шамамен 304 мың тоннасы 15 млрд теңгеге және қатты бидайдың мың тоннасы 50 млн теңгеге қабылданады.

2 қыркүйек күні корпорация форвардтық келісім бойынша астық сатып алу үшін бағаны бекітті.

3 класты, кілегейлігі 23 % бидай қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) 91 624 теңге, ҚҚС-пен 103 мың теңгеге; 3 класты, кілегейлігі 25 % бидай ҚҚС-сыз 93 750 теңге, ҚҚС-пен 105 мың теңгеге; 3 класты, кілегейлігі 27 % бидай ҚҚС-сыз 95 536 теңге, ҚҚС-пен 107 мың теңгеге; 4 класты бидай 87500 теңгеге, ҚҚС-пен 98 мың теңгеге; 5 класты бидай ҚҚС-сыз 80 357 теңгеге, ҚҚС-пен 90 мың теңгеге,; класқа жатпайтын бидай ҚҚС-сыз 75 893 теңгеге, ҚҚС-пен 85 мың теңгеге; 2 класты арпа ҚҚС-сыз 77 679 теңгеге, ҚҚС-пен 87 мың теңгеге сатып алынбақ.

Сондай-ақ Азық түлік келісім-шарт корпорациясы 7 қыркүйектен бастап осы бағамен тікелей сатып алуды да бастады.

СҚО-да дәнді дақылдарды 9 ауданда орналасқан 19 өкілетті элеваторға тапсыруға болады.


Соңғы жаңалықтар