СҚО полицейлері жылды қорытындылап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жылды тұрмысы төмен отбасылардың балаларына сыйлық жасаумен қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайырымдылық акциясына полицияның барлық бөліністерінің қызметкерлері қатысты. Олар сыйлыққа азық-түлікті, тәттілерді, кітаптар мен балаларға арналған киім-кешектерді, күнделікті тұрмысқа қажет бұйымдарды әзірледі. Кейін мұның бәрін көпбалалы, толық емес, тұрмысы нашар отбасыларға және табыстарына карантиндік шектеулер ерекше әсер еткен отбасыларға үлестірді.

Сыйлық тиелген полиция машиналарының керуені таңертең елді мекендерге аттанды. Полицейлер санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сылап, сыйлықтарды табыс етті.

Сыйлық алғандардың ішінде жақында үйлері өртеніп, баспанасыз қалған отбасы да бар. Ерлі-зайыпты 5 баланы тәрбиелеп отыр. Қазір уақытша пәтерді паналаған. Тәртіп сақшылары балаларға безендірілген шыршаны сыйлады. Отбасыға тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктер де табыс етті.

«Халықпен барынша тығыз қарым-қатынас жасайтын бөліністер мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұсынып бастама көтерді. Мұндай отбасыларды ювеналдық полиция қызметкерлері ұсынды. Олар қызмет барысында кімге көмек көрсету қажеттігін жақсы біледі. Барлық балаларға көмек көрсету мүмкін емес, біз тек балалардың жүректерінде жаңажылдық ғажайыпқа деген сенімдерін сақтап қалғымыз келеді. Жалпы жыл бойы бұл отбасылар ерекше назарда болады», - деді СҚО полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Полицейлердің «қайырымдылық керуені» 18 мекенжайға барып, 61 балаға сыйлық үлестірді.


Соңғы жаңалықтар