СҚО полицейлері үш күнде алимент төлеуден жалтарған 13 адамды анықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері үш күн ішінде алимент төлеуден жалтарған 13 адамның жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда полицейлер 2017 жылдан бастап 5 жасар ұлына алимент төлемей жүрген 30 жастағы қала тұрғынының жүрген жерін анықтады. Алимент төлемеушінің тұрғылықты жері туралы ақпарат сот орындаушыға берілді. Сондай-ақ, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері үш борышкер мен туыстық байланысынан айрылған екі адамның орнын анықтады.

«Үш күн ішінде іздеуде жүрген осы санаттағы азаматтардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Барлық ақпарат одан әрі заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау үшін іздестіруге бастамашылық еткендерге берілді. Егер бұл туыстық байланысын жоғалтқан азаматтарды іздеуге қатысты болса, онда ақпаратты өтініш берушілер алады», - дейді СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Сонымен қатар, көші-қон қызметінің қызметкерлері соңғы екі ай бойы анасымен байланысқа шықпаған әйелдің жүрген жерін анықтады.
Осыған ұқсас жағдай петропавлдық зейнеткерде де болған. 42 жастағы ұлынан хабар болмағандықтан әйел полицейлердің көмегіне жүгінді.


Соңғы жаңалықтар