СҚО полицейлері бір күн ішінде іздеудегі 8 қылмыскерді ұстады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 18-19 наурыз аралығында «Іздестіру» мемлекетаралық жедел- профилактикалық іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күн өткен іс-шара аясында Қазақстан және ТМД елдерінің полиция қызметкерлері өзара әрекеттесе жұмыс істеген.

Мақсат - шет мемлекет аумағында сот төрелігінен жасырынып жүрген қылмыскерлерді табу. Нәтижесінде, есірткі қылмыстарын және жалған құжаттар жасағаны, парақорлық, экстремистік іс-әрекет жасауға шақырғаны және тонағаны үшін ресейлік полицияның іздеуінде болған төрт қазақстандық және РФ бір азаматы ұсталды. Бұл қылмыскерлердің барлығын ресейлік тарапқа солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер тауып берді.

«Бұл жұмыс ТМД елдерінің Ішкі істер мининистрліктері арасындағы қол жеткізген келісімдер аясында тұрақты түрде жүргізіледі. Мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жедел ақпаратпен алмасу жеделдетіледі, басқа полиция бөліністерінің күштері тартылады», - деді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Петропавлда Павлодар облысының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Ол өзі тұрып жатқан Ертіс ауданында компьютерді жөндеуге алып, кейін екі айдың ішінде иесінен қосалқы бөлшектерге деп тағы 88 мың теңге талап еткен, алайда компьютерді жөндемеген. «Алаяқтық» бабы бойынша іс сотқа жолданған соң, күдікті ізін суытқан екен.

Сондай-ақ, Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері СҚО-да шартты түрде мерзімінен бұрын босату режімін орындаудан жалтарған екі адамның жүрген жері анықтады. Олар ішкі істер органдарын хабардар етпей, тұрғылықты жерін ауыстырған. Екеуі де қамауға алынды. Іс-шараның алғашқы күні облыс аумағында іздеудегі 8 қылмыскер және із-түссіз жоғалған 2 адам ұсталды.


Соңғы жаңалықтар