СҚО: пара алған көліктік бақылау инспекциясының маманы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» РММ-нің маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол Ресейлік кәсіпкерден бұрғылау қондырғысын облыс аумағында кедергісіз тасымалдау және әрі қарай жалпы қамқорлық көрсету үшін 500 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілікті», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Күдікті Петропавл қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар