+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-ның Весёловка елді мекенінде өрт шығып, қамыс үй тұтас жанып кетті

2020 жылғы 20 қаңтар 17:10
Бөлісіңіз:
СҚО-ның Весёловка елді мекенінде өрт шығып, қамыс үй тұтас жанып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Весёловка елді мекенінде қамыс үй өртенді, отбасы мүшелері аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, өртеніп кетті

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы жөнінде хабар «101» нөміріне 19 қаңтар күні таңғы сағат 7.44 минут кеткенде түскен. Өрт шыққан Весёловка мен №22 өрт сөндіру бекеті орналасқан Возвышенка елді мекенінің ара қашықтығы 40 шақырым.

Өрт сөндірушілер жеткенше баспана жалынға оранған. Мамандар бірден өртті сөндіруге кіріскенімен үйді аман алып қалу мүмкін болмады. Өрт сөндірушілер сағат 12.26-да өртты толық сөндіргенімен, ауданы 90 шаршы метр қамыс үй тұтас жанып кетті.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін. Қазір нақты себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT