СҚО-ның спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сергей Мелехов Дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекші болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Мелехов 1987 жылы 15 қазанда СҚО Аққайың ауданы Смирново елді мекенінде туған. 2009 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «дене шынықтыру және спорт», 2015 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Конькимен жүгіруден ҚР спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясында нұсқаушы-спортшы болып бастады. Нұр-Сұлтан қаласында, Петропавлда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек етті.

2018 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Петропавлдағы «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектебіне жетекшілік етті.


Соңғы жаңалықтар