СҚО-ның кардиологиялық орталығына заманауи ангиограф қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – СҚО Кардиологиялық орталық нақты диагноз қойып, инсульт пен жүрек талмасын емдеуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлы ангиографпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қондырғының көмегімен жүрек-қантамырлары жүйесіне зерттеу жасалады және оталар жүргізуге болады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кардиологиялық орталыққа барып, жаңа құрылғының артықшылығымен танысты.

Бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Instagram парақшасында жазды.

«Кардиоорталыққа заманауи цифрлы ангиограф қойылды. Соңғы үлгідегі қондырғы инсульт пен инфарктты емдеуде үздік саналады. Облыстық ауруханаға дәл осындай ангиограф қоямыз», - деп жазды облыс әкімі.

Аймақ басшысы ай соңына дейін облыстық ауруханада МРТ аппаратының іске қосылатындығын жеткізді. Қондырғы екі ауысымда жұмыс істеп, бұл қазіргі кезекті біршама қысқартпақ. Жыл соңына дейін тағы 2 МРТ алынады. Оның бірі облыстық балалар ауруханасына орнатылса, екінші онкологиялық диспансерге қойылмақшы. Келесі жылы 2 КТ аппараты алынып, оның бірі қалалық көпсалалы ауруханаға берілсе, екіншісі Ғабит Мүсірепов ауданына жеткізілмекші.


«Бұның барлығы солтүстікқазақстандықтарға басқа өңірлерге шықпай, сапалы ем алуға мүмкіндік бермек», - деді Құмар Ақсақалов.

Кардиологиялық орталық жақында тағы бір жаңа қондырғымен толықты. Ультра дыбыстық зерттеу аппаратын сатып алуға республикалық бюджеттен 74 млн теңге бөлінді.

«Эхо-кардиолог» деп аталады. Бұл УЗИ аппаратының мүмкіндігі мол. 3d мен 4 d сапасында бейнені көрсетеді. Оның көмегімен нақты диагноз қойылып, ем шараларын дер кезінде жазып бере аламыз», - дейді Кардиологиялық орталықтың директоры Азамат Мағзұмов.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша, жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындардың саны 12%, оның ішінде жүрек талмасынан қайтқандардың саны 3,4% азайған.


Соңғы жаңалықтар