СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қандай нәтиже береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жыл сайын 300-ге жуық әлеуметтік сала мамандары тартылатын болады. Өңір тарихын танымал ету үшін археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени маңызы бар нысандарды кешенді зерттеу жоспарланып отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 26 мың жаңа жұмыс орынын құруды, шамамен 1,3 трлн теңге жеке инвестицияны тартуды қамтамасыз етеді, өңдеу өнеркәсібі 25%-ға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 54%-ға өседі.

«Халықтың нақты табысы мен еңбек өнімділігі 30 пайызға артады. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуі 2025 жылы 5,2 пайызға дейін артады. Жалпы, кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Ә. Ерғалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Оны іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн теңге. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысында 2,3 млн шаршы метр немесе 21,7 мың пәтер салынатыны белгілі болды. Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады.


Соңғы жаңалықтар