СҚО мен Жамбыл облысында бір адамнан коронавирус жұқтырғандар тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 наурызда сағат 23:20-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 72 науқас тіркелді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар