СҚО құтқарушылары жаңа техникамен жарақтандырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіруші және апаттан құтқару қызметіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен жаңа техника жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар 8 өрт сөндіру техникасын алған. Оның ішінде 6 автоцистерна, 1 жол өтімділігі жоғары автобус және 1 жол талғамайтын (вездеход) техника бар. Олардың барлығы апаттан құтқару жұмыстарына арналған.

«4 автоцистерна қалалық бөлімшелерге берілетін болса, 3 техника Ғ.Мүсірепов ауданы мен Тайынша ауданының Келлеровка ауылына және Тимирязев ауданының Тимирязов ауылына жіберіледі»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ауылдық аумақтарда техника аса қажет. Олардың көмегімен құтқарушылар орталықтан шалғай жатқан аумақтарда да төтенше жағдайлардың алдын алып, жою жұмыстарын тиімді жүргізе алады. Техникалар әсіресе табиғат жағдайы күрделі аймақтарда жұмыс жүргізуге зор көмегін тигізеді.



Соңғы жаңалықтар