СҚО кәсіпкерлері Жеңіс күні қарсаңында майдангерлерге арнап ескерткіш орнатты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Мамлют ауданындағы Белое ауылының кәсіпкерлері Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлері құрметіне Даңқ мемориалын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белое ауылында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш болған. Ондаған жыл бұрын қойылған мүсіндер желдің өтінде, жауын-шашынның астында тұрғандықтан мүжіліп, сыры кеткен екен. Мұны көрген елдімекендегі 4 кәсіпкер 9 мамыр - Жеңіс күніне орай ауылдастарына сый жасауды ұйғарады.

«Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Кулик», «Белое Агро» және «Тюркин и К» ЖШС-тері мен Сергей Бычковтің шаруа қожалығы осы ескерткішті қайта жөндеуге шешім қабылдадық. Себебі, жас ұрпақ ата-әжелерінің батырлығы жайлы әрқашанда білуі тиіс. Мерекеге үлгеріп, барлық жұмыстарды уақтылы аяқтағанымызға өте қуаныштымыз», - дейді кәсіпкер Талғат Әлжанов.

Кәсіпкерлер мүсіндерді жөнге келтіріп қана қоймай, қасына елдімекеннен соғысқа аттанған жауынгерлердің есімдері гранитке ойылып жазылған тақталар орнатты. Маңын ғана емес, қасындағы саябақты да абаттандырып жөнге келтірді.

Ескерткіштің ашылуына орай және соғыста қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне Белое ауылында митинг өтті. Жергілікті өнерпаздар концерт қойса, Аудан орталығынан келген Жеңіс автошеруі елдімекен көшелерін аралап өтті.

Жалпы Белое ауылдық округінен 411 ер-азамат соғысқа қатысқан екен. Олардың көпшілігі майдан даласында қалды. Қазір елдімекенде соғыс куәгерлері қалмаған. Мамлют ауданында үш ардагер тұрып жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар