СҚО: Карантинде медқызметкерлерді тамақпен, жатын орынмен қамтыған кәсіпкер марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында карантин уақытында медициналық қызметкерлерді мейманханасына тегін орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз еткен кәсіпкер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық

кәсіпкер Айтықан Қалғаева алғашқылардың бірі болып «АруАна» мүсіншесіне ие болды.

«АруАна» республикалық сыйлығы былтыр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

палатасының бастамасымен тағайындалған еді. Мақсат – кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру. Енді жылда аумақтық деңгейде 17 марапат және республикалық деңгейде 1 Гран-при беріледі. Байқаудың аумақтық жеңімпазына «АруАна» мүсіншесін және дипломды СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов табыс етті.

Айтықан Қалғаева СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы.

«Өңірде әйелдер бизнесін дамытуда іскер әйелдер кеңесінің атқарып жатқан жұмысы зор. Айтықан Қалғаева соның басы-қасында жүр. Ол өзі де ауырды, соған қарамастан қоғамдық жұмыстардан, қайырымдылық іс-шараларынан қалыс қалмады», - дейді кәсіпкердің әріптесі Әлия Ибраева.


Соңғы жаңалықтар