СҚО-ға 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы жеткізілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына 1941 жылы Петропавлда құрылған 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі жеткізіліп, облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңістің 75 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту үшін елімізде«Ата-баба рухына лайықты боламыз» атты республикалық патриоттық акциясы өтіп жатыр. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның аумағында құрылған дивизиялардың және бригадалардың 23 Жауынгерлік туының дубликаттары гарнизондардың өкілдеріне тапсырылды. Олар еліміздің әр аймағына жеткізілмек.

1941 жылы Петропавлда 314-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Мамандардың айтуынша, Дивизияның күшімен 20-дан астам қала мен 100-ден астам елді мекен неміс басқыншыларынан азат етілді. «Ата-баба рухына лайықты боламыз» патриоттық акциясына орай атақты 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі Нұр-Сұлтан қаласынан облыс орталығына арнайы жеткізілді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқарма Жауынгерлік туды облыстық тарихи-өлкетану музейіне салтанатты түрде тапсырылды.

«Музейде 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған жауынгерлердің құрметіне арналған бұрыш бар. Ардагерлердің жеке заттары, құжаттары мен фотосуреттері сақталған. Құнды жәдігерлерді жауынгерлердің ұрпақтары да әкеліп, беріп жатады. Енді, мұнда музейге келушілер біздің дивизияның жауынгерлік туының қандай болғанын көре алады», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Вера Андреева.

Екі айдың ішінде 23 Жауынгерлік тудың көшірмелері Қазақстанның барлық өңірлерін аралап өтіп, 7 мамырда - Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған әскери парадта өту үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар