СҚО экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінде жаңа басшы келді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің бұйрығымен СҚО бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Азамат Бектасов тағайындалды. Жаңа басшыны ҚР ЭГТРМ экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов таныстырды.

Азамат Бауыржанұлы еңбек жолын Есіл ауданының Покровка ауылында педагог болып бастады.

2014-2020 жылдары СҚО бойынша экология департаментінде бас маман, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Кейін Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Осы уақытқа дейін СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар