+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО: Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алу алғаш рет электронды форматта жүргізілді

2019 жылғы 7 желтоқсан 20:32
Бөлісіңіз:
СҚО: Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алу алғаш рет электронды форматта жүргізілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласына келер жылы 38 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Солтүстік Қазақстан филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша,

2018 жылдан бастап медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы. ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша ол халыққа қажет медициналық қызметтерді сатып алады. ӘМСҚ қызметінің қауіпсіздік деңгейін арттырып, айқындылықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ адами факторды төмендету және мемлекеттік тапсырысты орындайтын медициналық қызметтерді көрсетушілерді іріктеуде уақытты қысқарту үшін электрондық форматқа ауыстырылды.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2020 жылы өңірдің денсаулық сақтау саласындағы сатып алуға 38 млрд теңгені жұмсау жоспарланған. Бұл соманың 28 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем пакетіне, ал 10 млрд теңге міндетті медициналық сақтандыру пакетіне беріледі. Бұдан басқа жалпы бюджетке Солтүстік Қазақстанның денсаулық сақтау саласының шығындары енгізілді. Бұл - медицина қызметкерлерінің еңбекақысы, дәрі-дәрмектердің құны, ұйымдарда тамақтандыру мен күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар.

2019 жылдың 3 желтоқсанынан бастап медициналық қызмет көрсететіндерден өтінімдер қабылдана бастады. Олардың өз хабарландыруларын жариялауға он күндері бар. 13 желтоқсаннан кейін өтінімдерді медициналық сақтандыру қорының, денсаулық сақтау басқармасының және республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының өкілдері кіретін арнайы комиссия қарайды. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсететіндермен келісім шарт жасалып, қаржы бөлінеді.

Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алудың веб портал арқылы жүзеге асырылуы ең алдымен құжатты ресімдеуге кететін уақытты үнемдемек. Бұл екі тарап - Қор үшін де, медициналық ұйымдар үшін тиімді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдар Қордың филиалдарындағы құжаттарға қол қою қажеттігінен арылып, қағаз құжат айналымына жұмсалатын шығындарды қысқартады. Осының бәрі жұмыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермекші.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT