СҚО-дағы әйелдер колониясында ерекше сән байқауы өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЕС 164/6 түзету мекемесінде сән байқауы өтті. Оған жазасын өтеуші 30 қыз-келіншек қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы ЕС 164/6 түзету мекемесінде өткен сән байқауына жазасын өтеуші қыз-келіншектер жауапкершілікпен әзірленген. Сотталғандар сәнді киім жасау үшін қолдарында бар материалды: полиэтиленді, поролонды,синтепонды, газетті, целлофанды, тіпті, пластмасса бөтелкелерді де қолданды. Әйелдер 1,5 ай бойы әзірлеген сәнді киімдерін қазылар алқасына көрсетіп қана қоймай, ерекше ұсына да білді.


«Киім үлгілері ерекше болды. Олар қолданған материалдардың барлығы осы мекемеде бар заттар, сырттан ештеңе әкелінген жоқ. Түзету мекемесінде мұндай ауқымды шаралар жыл сайын өткізіліп отырады. Сән көрсетіліміне қазылық жасауға облыстың танымал киім дизайнері Зарина Черняева қатысты», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Байқауға қатысушылардың бірі – Айзада. Ол сән байқауына әзірлеген киімдерін өзі таныстырды.

«Маған бұл байқауға қатысу қатты ұнады. Қазір үстіме киіп тұрған киімдерімді полиэтилен қапшықтардан, А4 форматтағы қағаздан және скотчтан жасадым. Идея өзімдікі», - дейді Айзада.

Байқауда ұлттық нақышта жасалған киімдер де болды.

Қазылар алқасы байқауға қатысқан 30 қыз-келіншектің ішінен үш жеңімпазды анықтады. Үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар