+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

СҚО-да жыл басынан мас күйде 701 қылмыс жасалған

2020 жылғы 28 қазан 22:32
Бөлісіңіз:
СҚО-да жыл басынан мас күйде 701 қылмыс жасалған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда таныстарымен бірге отырып ішімдік ішкен екі тұрғын ұялы телефондарынан, сондай-ақ 30 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 10 адам террорлық акт туралы жалған хабар берген Алматыда жалпы сомасы 3 млн теңгені құрайтын жалған ақша жасағандар сотталды БҚО-да шекарадан медициналық құрал-жабдықтарды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда бір күнде бір «сценарий» бойынша екі ұрлық жасалған.

Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны пәтерінен құны 65 мың теңге тұратын «Samsung» ұялы телефонының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген. Ол бұл ұрлықты 1989 жылы туған көршісінен көрген.

Оның айтуынша, жақында көршісімен екеуі ішімдік ішкен, кейін телефонының жоғалғанын байқаған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қала тұрғынының күдігін растап берді. Ұрланған зат алынып, аталған факті «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілміне енгізілді.

Петропавлдың 1990 жылы туған келесі бір тұрғыны осыған ұқсас жағдайға тап болған. Ол танысымен бірге отырып ішімдік ішу салдарынан «Samsung J2» телефоны мен 30 мың теңге ақшасынан айырылды. Келтірілген шығын сомасы 50 мың теңге. Полицейлер бұл ұрлыққа оның 21 жастағы танысының қатысы барын анықтады.

«Ішімдіктің буы адамдарды қылмыс жасауға итермелейді, осындай жағдайлар, өкінішке орай жиі тіркеледі. Осы екі жағдайда да күдіктілер бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап кеткен жөн. Қала тұрғындарын ақша мен құнды заттарын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланудан аулақ болуға кеңес береміз», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Жалпы СҚО-да биылғы 9 айда мас күйде 701 қылмыс жасалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT