СҚО-да жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні сағат 13.05-те Тайынша қаласында болған. «Октябрьдің 50 жылдығы» және Киевский тұйық көшесінің қиылысында «Аudi» және «Мitsubishi» автокөліктері соқтығысып қалған. Соның салдарынан сол жерде «Audi» көлігінің 1987 жылы туған жолаушысы мерт болды. Қалған жарақаттанған үш жолаушыны жедел жәрдем көлігі Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізді. Медициналық мекемеде «Audi» көлігінің екінші жолаушысы – 1992 жылы туған әйел қайтыс болды.

Бұл дерек «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгіілді. Тиісті сараптамалар жүргізіледі.



Соңғы жаңалықтар