+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

СҚО-да жем-шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр

2021 жылғы 27 шілде 15:05
Бөлісіңіз:
СҚО-да жем-шөп бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтарында азық-түлік пен жемазық бағасын тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл жем-шөп даярлау жоспары орындалды ма Петропавлда 25 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Қазақстандағы сүт фермаларының әр екіншісі СҚО-да орналасқан

СҚО аудандарында әр апта сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып жатыр. Мақсат – халықты арзан азық-түлікпен, жемазықпен қамту.

Осындай жәрмеңкелердің бірі Есіл ауданы Явленка елді мекенінде өтті. Тұрғындарға 60 тонна шөп, 20 тонна жем және 25 текше метр отын ұсынылды. Өнім анағұрлым арзан бағаға саудаға түсті.

Явленка тұрғыны Асхат Сағұловтың 20 шақты қойы, бірнеше сиыры бар. Қыстан қысылмай шығу үшін оған жемнен басқа 4 тонна шөп қажет. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесі болатынын естіп, арнайы келіпті.

«Биыл кей фермер мен шабындығы бар кәсіпкерлер маусым, шілде айларында болған аптап пен құрғақшылықты сылтауратып, шөп тапшы деп бағасын қымбаттатып жіберді. Жәрмеңкедегі баға қалта көтерерлік. Мұндай бағамен жем-азық табу қазір мүмкін емес», - дейді ауыл тұрғыны.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов та жәрмеңкеге арнайы келіп, бағаларды көрді. Жем-шөпті қымбаттатпау үшін мұндай жәрмеңкелер өңірде енді жиі өткізіліп тұрмақ.

«Шөп былтырғы бағамен сатылуы керек. Барлық шығынды есепке алғанның өзінде 15 мың теңгеден асыруға болмайды. Осы бағаны ұстауды ұсынамын. Өңірде бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауып, егіншілікке зор пайдасын тигізді. Тиісінше биыл жемшөп жетіспеушілігі сынды проблема болмауға тиісті.

Орақ науқаны басталғаннан кейін көрерміз. Облысты қамтысымен-ақ Батыс Қазақстан облысына көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бірақ оны орақ науқанының нәтижесі көрсетеді», - дейді Құмар Ақсақалов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT