+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

СҚО-да заңсыз жүрген 64 шетелдік ел аумағынан шығарылады

2017 жылғы 4 тамыз 09:31
Бөлісіңіз:
СҚО-да заңсыз жүрген 64 шетелдік ел аумағынан шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон полициясы «Гастарбайтер» жедел алдын алу шарасын қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, үш күндік шараға ішкі істер органдарының барлық күші жұмылдырылған. Әсіресе, шетелдіктердің ұйыса өмір сүретін орындарына баса маңыз беріліп, жұмыс берушілердің, шетелдіктерге делдалдық қызмет көрсететін адамдардың жұмысы тексерілген.

Үш күндік тексерудің қорытындысы бойынша, көші-қон заңнамасының бұзылуы тұрғысынан 170 жағдай тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517 бабы бойынша 169 шетелдік жауапқа тартылған. Сот қаулысымен 8 шетелдік ел аумағынан шығарылды.

«Сонымен қатар, жұмыс берушілер қатарындағы 25 ҚР азаматы ҚР ӘҚБК 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Жеке куәліксіз және ешқандай құжатсыз жүрген ҚР 116 азаматы да полицияның назарына ілікті. 64 шетелдік азаматтың уақытша тұру мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды. Заңсыз көші-қонға қатысты күрес жалғасын таба береді», - деп хабарлайды Талғат Әбілов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT