СҚО-да заңсыз жалға берілген жерге қатысты 16 арыз сотта қаралып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кезінде заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан жерлер біртіндеп мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да жер мәселесіне қатысты өңірдің ведомствоаралық кіші тобының кезекті отырысы өтті.

Жиында атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берілді. Заңды бұза отырып берілген және пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық кіші топ қазіргі мораторий жағдайында да тапсырмаларды іске асыру мақсатында жұмыс істеп жатыр.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 140,2 мың га алқап бойынша 30 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 80 мың га жерге қатысты 22 заңбұзушылық анықталды.

Заңбұзушылықтарды жою туралы 22 нұсқама берілді, ол 20 есе ұлғайтылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін СҚО мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Жалпы жүргізілген жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр.

Тек биыл бұған дейін заңсыз таратылған және бос жатқан 58,8 мың га алқап ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Қазіргі уақытта өңірдің соттарында жерге қатысты 16 талап арыз қаралып жатыр. Мақсат - ел заңнамасын бұза отырып жалға берілген жалпы аумағы 4,1 мың га жер учаскесіне қатысты шарттарды жарамсыз деп тану.

Бұған дейін СҚО-да ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі фестивальдің өткенін айтқан едік.

700 адам қатысқан спорт мерекесі Шал ақын ауданында өтіп, алаң иелері жалпыкомандалық есепте жарыс жеңімпазы атанды .

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан кетті.


Соңғы жаңалықтар