СҚО-да трассада үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі, ГАЗель және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.30 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының Бескөл ауылы маңындағы көпірге көтерілетін жерде болған.

«ВАЗ-2112», «ГАЗ 3507» және «ГАЗель» көліктері соқтығысып, салдарынан «ВАЗ-2112» көлігінің 46 жастағы жолаушысы мерт болды.

«Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық зардап шеккендер медицина ұйымдарына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Қызылжар ауданының жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Петропавлда бүгін төрт жеңіл көліктің соқтығысып қалғанын айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар