+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

СҚО-да Тайландтан келген отбасы мүшелерінен коронавирус табылмады

2020 жылғы 19 ақпан 18:04
Бөлісіңіз:
СҚО-да Тайландтан келген отбасы мүшелерінен коронавирус табылмады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Тайландта дем алып келген петропавлдық отбасыдан коронавирустың белгілері байқалып, олар ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда әлеуметтік желілерде бет-аузын тұмшалап, ерекше киінген медицина қызметкерлерінің екі «жедел жәрдем» көлігіне адамдарды отырғызып жатқаны туралы бейнеролик тарап кетті. Осы бейнежазбаға байланысты СҚО Денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

«Ерлі-зайыпты екі баласымен Тайландтан дене қызуы көтеріліп, ауырып келген. Отбасының барлық мүшелерін қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне коронавирус жұқты деген күдікпен жатқыздық. Зерттеу мен зертханалық талдау барысында біздің күдігіміз расталмады. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада медициналық қызметкерлер тиісті әрекет ету алгоритмі бойынша жұмыс істеді», - делінген ресми ақпаратта.

Қазіргі уақытта ер адам қалалық ауруханалардың бірінде, ал оның жұбайы мен 3 және 7 жастағы екі баласымен облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, науқастар тұмау жұқтырған. Жағдайлары ауыр, әзірше дене қызуы түскен жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT